Франция чемпионын нокаутқа түсірді
Франция чемпионын нокаутқа түсірді
130
оқылды

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл фран­ция­лық қарсыласын төрт мәрте нок­даунға түсірді.

1/8 финалында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елеубаева жасөспірімдер арасындағы Франция чемпионы Зое Куверсельмен кездесіп, оған айқасуға еш мүмкіндік қалдырмады. Жекпе-жек бары­сында Айшагүл төрт рет қарсыласын нок­даунға жіберді, төртіншісінен кейін төреші қазақстандық боксшының мерзімінен бұ­рын жеңгенін хабарлады. Осылайша, Айшагүл Елубаева 2021 жылғы Жастар арасындағы ӘЧ-да ширек финалға жолдама алды. Сондай-ақ бұл турнирге Қазақстан қыздар құрамасынан Арайлым Марат (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (51 келі), Назерке Серік (51 келі), Жұлдыз Шаяхметова (60 келі), Милана Аюпова (64 келі), Жасмин Қизатова (69 келі), Дана Дидай (75 келі), Әсел Сағатова (81 келі) және Елдана Тәліпова (+81 келі) жолдама алды.

Абылайхан ЖҰМАШ