Нысана көздеуден үздіктер анықталды
Нысана көздеуден үздіктер анықталды

Шымкентте нысына көздеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қысқа калибрлі тапанша ҚТ-10 бойынша ерлер арасында Владимир Исаченко (Алматы) топ жарды. Шымкенттік Никита Чирюкин екінші болса, Алматы спортшысы Ярослав Махнёв үздік үштікті түйіндеді.

Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында спорттық қысқакалибрлі МВ-9ж винтовкадағы жаттығу бойынша үздіктер анықталды. Аталған санат бойынша алматылық Александра Малиновская жеңімпаз атанды. Шымкенттен  Елизавета Безрукова күміспен күптелсе, алматылық Жанель Серікбаева қоланы қанағат тұтты.

 Абылайхан ЖҰМАШ