Тұрғындар араша түскен шенеунік бостандыққа шықты

Тұрғындар араша түскен шенеунік бостандыққа шықты

Атырауда көпбалалы және әлеу­меттік аз қамтылған отбасылар мен мүгедектер «пара алды» деген кү­дік­пен ұсталған басшыны босатуын талап еткен болатын. Жұрт­шылық алғаш рет шенеунікті жақтап, нара­зылық білдірген. Бірінші рет болып отырған жағдай өз нәтижесін берді. Кеше Атырау қалалық соты Серік Қами­доллаға қатысты қылмыстық істі қысқартты.

Атырауда облыстық Жұмыспен қам­туды үйлестіру басқармасының басшы­сына қатысты сот шешім шығарды.  Шенеунік шетелдік жұмысшыға рұқсат қағазын беруге көмектесіп, әр жұмысшы үшін 500 мың теңгеден пара алды деген күдікпен тергеуге алынған еді.  Алайда тергеу барысында алаяқтық және пара алу бабы бойынша тағылған айып дәлелін таппаған. Тек қызметтік бабын асыра пайда­ланып, жәбірленушілердің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіргені анық­талыпты. Бұл эпизодтар бойынша шенеу­нік өзіне тағылған айыпты толығымен мойындаған және шынайы өкінішін білдірген. Атырау қаласының  №2 қалалық сотының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тергеу барысында ол айыптау­мен толық келісті. Сондықтан сот процесі жеңілдетілген режимде өтті. Сотталушы ҚР ҚК 65-бабын қолдана отырып, оны қыл­мыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Оның алғаш рет ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанын ескере отырып, сонымен қатар кәмелетке толмаған үш баласы, оның ішінде мүгедек баласы барын, жалғыз асыраушы екенін және ісіне шын өкінуіне байланысты сот оны ҚР ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады деп санады. Бұл ретте өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 000 АЕК (2 млн 917 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сот залынан  бостандыққа шыққан   Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы С.Қамидолла өзіне айып тағылғалы қолдау көрсеткен жұртшылықпен жүздесуінде:  «алғашқы сот болатын  күні «сені қолдап, қаншама  адам келіп тұр» деп полиция  қызметкері айтқанда  қатты қуандым. Босқа жүрме­генімді, халқыма адал қызмет еткенімді білдім.  Халқыммен бақыт­тымын, біргемін. Халқым сенім артып тұрғанда қызмет ете беремін», – деп толқынысын білдіріп, атыраулықтарға  алғыс білдірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

     

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Атырау облысы