9 жастағы бала әлем елдерін жатқа біледі
9 жастағы бала әлем елдерін жатқа біледі
117
оқылды

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында вундеркинд балақай елді аузына қаратты. Есімі – Шерхан, өзі 9 жаста. Ол әлем картасын жатқа біледі екен. Оның үстіне кез келген мемлекеттің туын танып, астанасын мүдірместен айтып бере алады.

Әкесінің айтуынша,  баланың елдерге деген қызығушылығы доптан басталған. «Кішкентайында  «Қазақстан қайда?» десек, Қазақстанды көрсететін еді» дейді әкесі Құмарғали Жазықбаев. Шерханның қабілетін одан әрі шыңдау үшін ата-анасы жүзден астам мемлекеттің туы бейнеленген жазбаны сыйлаған. Әрқайсының артында сол елдің атауы, астанасы және тұрғылықты халықтың қай тілде сөйлейтіні жазылған. Шерхан аз уақыттың ішінде соның бәрін жаттап алған. Бірақ оның бұл қабілетіне ата-анасы алғашында аса мән бере қоймаған екен. Тек уақыт өте Шерханның есте сақтау қабілетін байқаған.

– Мысалы, папасы футбол қарайды. Сол футболды кімдер ойнап жатқанын, елдердің туын біліп отырады. Соны байқап, өзіміз таңқалдық. Ол бүкіл елді, олардың астанасын біледі екен, – дейді анасы  Кәмшат Кенжеғалиева.

Шерханның сабақ үлгерімі жақсы. Мектепте алғырлығымен өзге балалардан ерекшеленіп тұрады дейді ұстаздары.