Путиннің жылдық табысы белгілі болды
Путиннің жылдық табысы белгілі болды
119
оқылды

Ресей үкіметі шенеуніктердің кірістері мен мүлкі туралы ақпарат жариялады.

Forbes-тің мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путиннің табысы өткен жылмен салыстырғанда 9,7 миллионнан 9,9 миллион рубльге дейін өскен. Теңгеге шаққанда 55,44 миллион теңгені құрайды. Бұл – Путиннің 2020 жылғы табысы. 

Ал Путинге тиесілі декларацияланған мүліктің құрамы бір жылда өзгермеген. Мәселен, көлемі 77 шаршы метрді құрайтын пәтері және 18 шаршы метрлік гаражы әлі бар. Сонымен қатар сирек кездесетін, яғни раритет екі ГАЗ М21 көлігі мен «Нивасы»  және «Скиф» тіркемесі сақталған.