Бір жарым жасар қызды ұрып тастаған кім?
Бір жарым жасар қызды ұрып тастаған кім?
133
оқылды

Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар сәбиді ұрып тастаған. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді.

Дина Таңсәрінің айтуынша, балада соққы іздері бар, миы шайқалған.

"Директор мұны басқа бір бала жасады дейді! Оған сену қиын", - деп жазды ол Facebook-те.

Ал қалалық Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.
"Аталған факт ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық ПБ қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.