Шортандыда жүк көлігі жол жиегіндегі суға батып кетті
Шортандыда жүк көлігі жол жиегіндегі суға батып кетті
144
оқылды

Ақмола облысының Шортанды ауданында карьерден қиыршық тас тасып жүрген жүк көлігі жолдың жиегінде аударылып кетіп, батпақты шұңқырға батып кетті деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Өкінішке орай, оқиға орнында көлік жүргізушісі бірден жантәсілім еткен. Тағдырдың жазуы ма, кім білсін?!. Әлеуметтік желілерде пікір жазғандар «жүргізуші жігіттің дәл бүгін қаза болған азаматтың қос бірдей сәбиі дүние есігін ашты, бірақ өкінішке орай қос баласын көре алмай кетті» деп те жазды.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=mpmKFJQt_CE[/embed]
Елорданың «Al Stroi Trans Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен «Гранит плюс» компаниясына тиесілі карьерден тас алып кетуге келген Камаз көлігі Бектал ауылдық округының маңындағы карьерге баратын қосымша жолда бара жатып, батып қалған.

Жүк көлігін карьер жұмысшылары тартып шығаруға әрекеттенген. Алайда, тартып шығару кезінде ауыр жүк көлігі жолдың жиегіне аударылып, қар суымен толған шұңқырға батып кеткен. Карьер жұмысшылары аударылған көлікті трактормен шығарған. Алайда, дереу қимылдап көліктен жүргізушіні аман-сау алып шығу мүмкін болмапты», - дейді Шортанды ауданының тұрғындары.

Карьер жұмысшылары суға батқан жүргізушіні батпақтан алып шықты. Алайда жүргізуші бірден жантәсілім еткені анықталды.
Біз Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен ресми пікір білдіруін сұрадық. Бірақ әзірге полициядан еш жауап болмады.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы