ШҚО-да жоғалған 5 жасар бала табылды

ШҚО-да жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел баласының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Айтуынша, ол сағат 14:30-дан бері 5 жасар ұлының қайда екенін білмеген.

«Полиция қызметкерлері дереу жоғалған баланы іздеуге кірісті. Бұл ретте іздеуге департаменттің жедел уәкілдері мен қызметтік иттер де жұмылдырылған. Бала ойнап жүрген аумақтағы тұрғын үйлер жіті тексерілді. Елді мекендегі қараусыз қалған ғимараттар да мұқият қаралды», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде екі сағат ішінде бала табылды. Дені сау.  Белгілі болғандай, ата-анасы үй шаруаларымен жүргенде ол көрші баламен ойнап, үйден тым алыстап кеткен екен.
«Ұлымды тапқан полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін», - деді Наталья Кудрявцева.