Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды.
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Новорабочая көшесіндегі тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бірінші кезекте 15 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Көп ұзамай, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығуына - электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.