Нұр-Сұлтанда 22 жастағы бойжеткен 11-қабаттан секіріп көз жұмды
Нұр-Сұлтанда 22 жастағы бойжеткен 11-қабаттан секіріп көз жұмды
102
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен  бойжеткен секіріп кеткен. 22 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің өкілдері растады.

«17 сәуір күні таңғы сағат 8.10 шамасында «102» арнасына Сарыарқа даңғылы бойында қыз баланың терезеден құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, 22 жастағы тұрғын 11-қабат терезесінен секіріп кеткен екен. Бойжеткен оқиға орнында қаза тапты», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға болған сәтте отбасы мүшелері түгел үйде болған екен.
Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.