Coursera-ның тегін курстары туралы естідіңіз бе?
Coursera-ның тегін курстары туралы естідіңіз бе?

2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы халықаралық Coursera онлайн білім беру платформасымен келісімшартқа отырды. Coursera қазақстандықтарға 31 пәннен 4 мыңнан аса тегін онлайн курстарын ұсынды.

Қазір еліміздегі 50 мың тұтынушы физика, химия, метематика, IT саласы, экономика, медицина, кәсіпкерлік, маркетинг, гуманитарлық және т.б. ғылымдарға арналған курстардан өтіп, білім ала алады.
COURSERA ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Coursera – Стэнфорд пен АҚШ-тың өзге де үздік ЖОО-ның қолдауымен қолданысқа енген білім беру платформасы. Ол әлемдегі 150-ден астам танымал университеттермен және колледждермен серіктес. Мұнда 2500-ден астам курстар, жүздеген мамандықтар және 40 миллион оқушысына ұсынылатын төрт ғылыми дәреже бар. Сонымен қатар смартфонға арналған қосымшасы да белсенді түрде жұмыс істейді. Курстардың басым көпшілігі Гарвард, Пенсильвания, Вирджиния және Мичиган университетінің білікті ұстаздарының қатысуымен жене профессорларының қолдауымен жасақталған.
Coursera курсттарын еліміздегі кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып Атыраудағы тек ағылшын тілінде білім беретін «APEC PetroTechnic Жоғары колледжі» белсенді түрде қолдана бастаған. Қазір колледж қызметкерлері мен ұстаздары білімдерін жетілдіріп, түрлі сертификаттарға қол жеткізіп жатыр. Ал студенттер жазғы демалыста бос уақыттарын құр өткізбей өздерінің мамандықтарына қатысты курстардан өтуді жоспарлауда. Карантин басталғалы  Coursera-ның тегін курстарын еліміздегі тұрғындар белсенді түрде қолдана бастаған. Тіпті кәсіпкерліктің қыр сырын үйреніп алып, бизнесін жандандырып жатқандар да жетерлік. Сіз де coursera.org  сайтына тіркеліп, бос уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.