Әлеуметтік желілерге жасалған мониторингі барысында лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған жас жігіт түсіп қалған видео анықталды. Оқиға 16 сәуірде сағат 00.38-де елорданың сол жағалауында "Дива" ТК-де болған. Лифтіні соққылаған 21 жастағы елордалық сол күні туыстарына қонаққа барғаны белгілі болды. Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қабылдайды. https://youtu.be/cGhWVBNQ8UY