Тұрғындардың өтінішін орындап, үйлеріне көгілдір отын кіргізіп берді  
Тұрғындардың өтінішін орындап, үйлеріне көгілдір отын кіргізіп берді   
5,128
оқылды
2021 жылдың қаңтар айында аудандық мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиеваның қабылдауына Сырым ауданы Қоңыр ауылының тұрғындары Ұлпаш Жұмажанова және Алмагул Злаханова  өздерінің жеке тұрғын үйіне көгілдір отын кіргізіп беруге көмек сұрап келді.     Аудандық мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева Жосалы ауылдық округінің әкімі Қ.Ғабдешовпен бірге өтініш білдірушілердің үйлеріне барып, жағдайымен танысып, демеушілер іздестіріп, солар арқылы көгілдір отын кіргізіп беруге көмектесетінін жеткізді. Нәтижесінде, 2021 жылдың наурыз айының аяғында екі бірдей отбасыға демеушілер, Сырым ауданының қайырымды азаматтары арқылы сыртқы және ішкі жұмыстарына 1 млн. 200 мың теңге қаржы бөлініп,  көгілдір отын кіргізіп берді. Ұлпаш Жұмажанова және Алмагүл Злаханова аудандық мәслихат депутатына, қайырымды азаматтарға өз ризашылығын айтып, алғысын білдірді.