Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды
216
оқылды
Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионы атанды, деп хабарлады olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара кездесу 6:2 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.
"Азия чемпионатындағы әрбір белдесу ерекше қиын әрі тартысты өтті. Финал да оңайға соққан жоқ. Финалдағы қарсыласым, өзбекстандық балуанмен осы уақытқа дейін де күресіп жүрміз. Өзі, күрес стилі өте таныс.  Финалдың бірінші кезеңінде қатеге бойалдырып, өзбекстандық балуанға екі ұпай беріп қойдым. Одан кейін бірден өзімді жинап, қарсыласымды кілемнің шетіне қарай шаршатып, бір аяққа өту әдісін жасап, ұпай еншіледім, – дейді  Талғат Сырбаз.