Елордада Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы жүріп жатыр
Елордада Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында 30 мың адамға арналған мешіттің құрылысы жайлы айта келе, жаңа нысан туристер үшін де тартымды нүктеге айналатынын мәлімдеді. Қала әкімінің айтуынша, мешіттің негізгі күмбездерінің биіктігі шамамен 90 метрді құрайды, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі екен. Сыйымдылығы — 30 мың адамды құрайды.
“Бүгін осы мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Ол Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ аумақты абаттандырып, ағаш отырғызамыз. Бұл мешіт еліміздің тұрғындары үшін ғана емес, туристер үшін де тартымды нүктеге айналады”, — деп жазды Алтай Көлгінов.
Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде.