Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып кеткен
Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып кеткен
132
оқылды
Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді,– деп хабарлады inform.kz. Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, 16 сәуір күні 01:00-де 33 жастағы жүргізуші мас күйде «Киа» маркалы көлікпен келе жатып, Бөгенбай көшесінің бойындағы көлік тұрағында тұрған 6 көлікті соққан.
«Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. Осы іс бойынша жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот үкімі бойынша жүргізуші кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынады және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды», – делінген хабарламада.