Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді
Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді
Алматыда Ashyq қосымшасымен жұмыс істейтін бес кинотеатр жұмысын жалғастырды. Кинотеатрға келушілер QR-кодын сканерлеп, билет сатып алу үшін кассаға "көк" немесе "жасыл" жолмен барады. ІnAlmaty.kz-тің хабарлауынша, кинотеатр жұмысының алғашқы күндері QR-код арқылы өткен үш алматылықта "қызыл" жанып, олардың коронавирус жұқтырғаны және үй карантинін сақтамай жүргені анықталған. Олар кинотеатрдан шығарылған. Оның екеуі отбасылық жұп.