Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты - видео
Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты - видео

Ақмола облысында жүк көлігі балшық шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, оқиға 16 сәуірде Шортанды ауданы Бектау ауылының маңында болған. Еріген қар суынан автожолдың бір бөлігі шайылып кеткен. "Shaanxi-MAN көлігін басқарған жүргізуші қиыршық тас зауытына бара жатып, батпаққа батып кетті. Бульдозер мен тростың көмегімен жүк көлігін тартып шығаруға тырысқан кезде, суға батып кетті. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция өкілі. Жүргізушінің денесі Нұр-сұлтандағы мәйітханаға жіберілді. ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.