Қазақстанда 680 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Қазақстанда 680 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
154
оқылды
Қазақстанда 679 709 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Өңірлер бойынша ең көп екпе салдырған Алматы тұрғындары - 131 631 адам. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Вакцина салдырғандар саны бойынша екінші орындағы өңір - Алматы облысы. Онда 90 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алған. Оның 11 мыңға жуығы "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдырды. Үшінші орында Шымкент тұр, онда 60 мыңға жуық адам вакцина алды. Нұр-Сұлтанда CAVID-19-ға қарсы вакцинаны 57 мыңнан астам адам салдырды, оның 10 мыңы вакцинаның екінші компонентін алып үлгерді.  width=