Айқын Төлепберген жолда өзі куә болған жайт туралы айтып, тұрғындарды абай болуға шақырды – видео
Айқын Төлепберген жолда өзі куә болған жайт туралы айтып, тұрғындарды абай болуға шақырды – видео
Әнші Айқын Төлепберген тұрғындарды жолда абай болуға шақырды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда велосипед жолағында электр самокат жаяу жүргіншіні қалай қағып кете жаздағанын көрген.
«Құрметті достар, бір өзекті мәселе бар. Велосипед жолдары велосипедтер, мопедтер мен скутерлер үшін арнайы салынған. Жаяу жүргіншілер олармен жүре алмайды. Бұл – қауіпті. Әсіресе, балалар айналасына қарамай жүре береді. Егер ертең баланы қағып кетсе, сіз кінәлі боласыз. Сондықтан, абай болыңыз! Велосипед жолағының қасында әрқашан тротуар болады. Сонымен жүріңіз», – деді әнші.