Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы алтынды иеленді

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында ауыр атлетикадан Арли Чонтей құрама қоржынына алтын медаль әкелді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Арли Чонтей жарысқа 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, 255 (115+140) келі көтерді. Екінші орында 244 (108+136) келі нәтижесімен оның командасындағы серіктесі Абылай Әуелханов тұр. Үздік үштікті 240 (108+132) келі көтерген өзбекстандық Огабек Нафасов аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 18 сәуірде Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло өнер көрсетеді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.