Зейнеткер қарапайым "Волганы" Кабриолетке айналдырған
Зейнеткер қарапайым  "Волганы" Кабриолетке айналдырған
Жітіқаралық зейнеткер қарапайым "Волганы" Кабриолетке айналдырды. Көлікті түрлендіру барысында өнертапқыш ескі бөлшектерді пайдаланған. 70-ке келген қария бұл іске жас кезінен ден қоя бастаған. Айтуынша, раритетті көліктерді жан рахаты үшін құрастырады екен. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады. Юрис Мамедов жастайынан көлікке әуес. Өмір бойы жүргізуші болған. Зейнеткерге осы ГАЗ-2410 маркалы "Волганы" қайта тірілтіп, түрлендіруге бір жарым жыл уақыт кеткен.
"Бұл көліктің барлық бөлшегі қолдан жасалған. Заманауи. Тек шамдары мен бампері өзінікі. Қуаты 150 аттың күшіне тең. Қозғалтқышы инжектор. Гидрокүшейткіш орнатылған. Артқы белдемі "Чайка", дискілері "Вольвонікі", – дейді зейнеткер Юрис Мамедов.
Ол көліктің қаңқасынан бастап барлық бөлшегін өзі жинастырған. Кейбірін ыңғайластырып жасағанымен көліктің түр-сипатына ешқандай өзгеріс енгізбеуге тырысқан.
"23 жасымда алғашқы көлігім осындай болған. 50 жасыма дейін тізгіндедім. Жаңа көліктерді онша ұнатпаймын. Ескілері өзіме қатты ыстық. Әрі өте сәнді көрінеді", – дейді зейнеткер.