Павлодарда автокөлік жуу бекеті қызметкерін еңбекақысын сұрағаны үшін ұрған
Павлодарда автокөлік жуу бекеті қызметкерін еңбекақысын сұрағаны үшін ұрған
166
оқылды
Автокөлік жуу бекеті қызметкері жұмыстан шыққысы келетінін айтқан және ақшасын есептеуді талап еткен, осыдан кейін оны ұрған. Зардап шеккен әйел әлеуметтік желілерде өзі жұмыс істеген көлік жуу бекетінің иесінің күйеуі ұрғанын хабарлады. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Зардап шеккен – 50 жастағы Қадиша Омарова. Тengrinews.kz жазуынша, оқиға осы жылдың 16 сәуірінде түстен кейін болған.
"Сол күні басшы маған қоңырау шалып, торнадорды жумағанымды айтты. Содан кейін оның азаматтық некедегі күйеуі әңгімеге араласып: "Оңбаған, кел, сені жазалаймын", – деді. Жұмыс журналында менің жұмысымды орындағаным туралы жазба бар. Телефон арқылы ол мені балағаттап шақыра бастады. Мен оған “жарайды, мені жұмыстан шығар, мен қазір есептесу төлемімді алуға барымын” дедім. Мен көлік жуу бекетіне келдім. Басшы ақшаны үстелге қойды, сол кезде күйеуі кіріп, қолымды сындырды. Мені бірнеше рет ұрды", – дейді жәбірленуші.
Әйелдің айтуынша, ұрғаннан кейін олар полиция шақырған. "Менің демалыс күнім болды, үйден сыра іштім. Бірақ көлік жуу бекетінің иесі мені мас деп айтты. Мені медициналық айықтырғышқа жіберді. Олар трубкаға үрлеу керегін айтты, бірақ мен демала алмадым. Өйткені ұрып-соғудан ішім ауырды. Содан кейін камераға жіберді", – дейді Омарова. Бір жарым сағаттан кейін әйел үйге жіберілген. Қазір зардап шегуші үйде, амбулаториялық емделуде. Сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы бойынша, зардап шеккен автокөлік жуушыға жабық бас сүйек-ми жарақаты, мойын омыртқасының сынуы және оң жақ скапуланың жылжусыз жабық сынуы, оң жіліншіктің контузиясы диагнозы қойылды. Құқық бұзушылар жазасыз қалмауы және тергеуді жаппауы үшін әйел әлеуметтік желілерде ұрып-соғу іздері бар фотосуреттерін орналастырды.
"Мен жұмыс берушінің күйеуі басқа көлік жуушыларды ұрып-соққанын бірнеше рет көрдім, жұмыстан шыққым келді, бірақ шыдадым. Ұрғаннан кейін олар менің ештеңені дәлелдей алмайтынымды айтып, балағаттады. Сондықтан мен бұл мәселені шешу үшін пост жаздым. Жарияланғаннан кейін, кешкі сағат 8-де олар менің есігімді қағып, балағаттап, қорқыта бастады. Мен үйден шығуға қорқып, полиция шақырдым", – деді Омарова.
Қазір полиция тергеу  жүргізіп жатыр. "Аталған факті тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жұмыс беруші оқиғаға күйеуінің қатысы бар екенін жоққа шығарып отыр. Кәсіпкердің айтуынша,  қызметкер көлік жууға мас күйінде келген,  өзі жанжал шығарған.
«Ол есеп айырысуға мас күйінде келді. Бәрін лақтыра бастады. Мен жалақысын бере бастадым. Содан кейін ол мені ұрып жіберді. Шашымнан ұстап, мені диванға лақтырып жіберді. Күйеуім бізді арашалай бастады, оны дәлізге сүйреп шығарды. Мен полиция шақырдым, полиция әйелді алып кетті. Бірақ күйеуім оны ұрған жоқ, мүмкін ол өзі құлап қалған шығар», – деді Светлана Делядирова.
Ол, сондай-ақ, көлік жуушы  өткен жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейтінін және оған дейін ешқандай шағым болмағанын атап өтті.