Актриса Ғазиза Әбдінәбиева Қызылорда облысы Сырдария ауданы Торғатай ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері.
Қазақ Ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы консерваториясы) "Актерлік шеберлік" факультетін бітірген. Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік бөліміне ауысады.
Ғазиза Әбдінәбиеваның фильмдерде сомдаған рөлдері:
1977 - «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев);
1982 - «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов);
1990 - «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов);
«Жел адам» – ауыл тұрғыны;
2009 - “Сіз кімсіз, К мырза?” – жолсерік (реж. Қ. Ахметов);
2009 - «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов);
2011 - «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев);
1996-2000 - Тоғысқан тағдырлар (Роза)
2001-2003 - Саранша (Марго);
2002 - Ләйләнің зары;
2007 - Однажды в багажнике - Женщина на вокзале;
2008 - Откройте дверь, я счастье;
2012-2013 - «25 км» Қарлығаш (реж. И.Пискунов);
2012-2013 - «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко);
2014 - “Кемпір” Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов);
2015 - “Зауал” Әже (реж. Ж.Айбасов);
2015 - «Побег из аула» Тетя героя (реж. Н.Адамбаев).