Актриса Ғазиза Әбдінәбиева Қызылорда облысы Сырдария ауданы Торғатай ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері. Қазақ Ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы консерваториясы) "Актерлік шеберлік" факультетін бітірген. Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді. 1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік бөліміне ауысады. Ғазиза Әбдінәбиеваның фильмдерде сомдаған рөлдері: 1977 - «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев); 1982 - «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов); 1990 - «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов); «Жел адам» – ауыл тұрғыны; 2009 - “Сіз кімсіз, К мырза?” – жолсерік (реж. Қ. Ахметов); 2009 - «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов); 2011 - «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев); 1996-2000 - Тоғысқан тағдырлар (Роза) 2001-2003 - Саранша (Марго); 2002 - Ләйләнің зары; 2007 - Однажды в багажнике - Женщина на вокзале; 2008 - Откройте дверь, я счастье; 2012-2013 - «25 км» Қарлығаш (реж. И.Пискунов); 2012-2013 - «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко); 2014 - “Кемпір” Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов); 2015 - “Зауал” Әже (реж. Ж.Айбасов); 2015 - «Побег из аула» Тетя героя (реж. Н.Адамбаев).