Солтүстікте жаңбыр соңы қарға ұласады. Бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде ауа температурасы -7 градусқа дейін суытады.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Көкшетау мен Петропавлда да қар жауып, көктайғақ болады. Антициклон әсерінен Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда да күн күрт суытады. Көктайғақ болып, тұман түседі. Алматыда да жаңбырдың соңы қарға ұласып, көктайғақ болады.