Есіркіні қолдан жасалған құрт ішіне жасырғаны анықталды. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлемдеме ішінен есірткі анықталды. Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған, хош иісті шөп тәркіленді.«Мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген затты сот сараптамасы салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана екенін дәлелдеді. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді департамент өкілі.
Бұған дейін тіс пастасының ішіне есірткі жасырып, түрмеге өткізбек болғандар туралы жазған болатынбыз.