Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
152
оқылды
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы санаттағы WBA титулының иегері жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Инсайдер Крис Мэнникстің айтуынша, тараптар жекпе-жек туралы келіссөз бастаған. Жекпе-жек Жапонияда 31 желтоқсанға жоспарланды, – деп жазады Vesti.kz. Ақпаратты Головкинмен бірге жұмыс істейтін промоутер Эдди Хирн растады. Бұл ретте Matchroom Boxing басшысы қазақстандық боксшы жазда орта салмақтағы тағы бір чемпион – WBO белбеуінің иегері америкалық Деметрис Андрадемен (30-0, 18 КО), ал қыста Муратамен жекпе-жек өткізеді деп үміттеніп отыр. Головкин былтыр желтоқсанда АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, 21-рет әлем чемпионы атағын қорғап қалды.