Хоккейден Қазақстан чемпионатының матчі жаппай төбелеспен аяқталды
Хоккейден Қазақстан чемпионатының матчі жаппай төбелеспен аяқталды
©«Құлагер»ХК
Хоккейден Қазақстанның тұрақты чемпионатының қызылжарлық «Құлагер»мен «Теміртау» арасындағы матчте ойыншылар жаппай төбелесті, – деп хабарлайды Vesti.kz порталы «Шайба.kz»-ке сілтеме жасап. Төбелес Петропавлда өткен ойынның соңғы минуттарында болды. Осылайша, төбелескен Владимир Репин, Родион Жарких, Денис Чапоров, Константин Пальмтаг пен Данияр Хасеновке айыппұл салынды. Ойын «Құлагердің» жеңісімен аяқталды – 4:0. https://vk.com/video-114250480_456239435