Биыл 1 сәуірге дейін Қазақстанда 135,7 мың отбасындағы 683,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді. Оған бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
АӘК әр адамның орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына әлеуметтік топтама беріледі. Биыл 1-6 жас аралығындағы 162,4 мың балаға әлеуметтік топтама берілді.Бұған дейін әлеуметтік көмек алатындар құрттаған күріш, ашыған сүт бергеніне шағымданып, «Тауыққа бердік» деген болатын.