Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті
Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жариялады.

2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдай бойынша: «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. «Сары аймақта» Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр. «Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана. 17 сәуірде Алматы облысы «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті.