Елбасы Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айтты
Елбасы Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айтты
132
оқылды

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Жақын әрі сүйікті адамыңыздан айырылу – орны толмас қайғы. Сізге және жақындарыңызға сол ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Саналы ғұмырын Түрікменстан халқының игілігіне арнаған әкеңіздің жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады деп сенемін» делінген жеделхатта.