Тоқаев Нұрпейісовті қызметінен босатты
Тоқаев Нұрпейісовті қызметінен босатты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды» делінген хабарламада.

Қайрат Айтмұхамбетұлы 1957 жылғы 21 қыркүйекте Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында дүниеге келді.   [caption id="attachment_129557" align="aligncenter" width="799"] width= Фото: inform.kz[/caption] Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институтын математика және экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар стансасының локомотив депосында слесарь болып бастаған. 1982-1988 жылдары Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді. 1998-2002 жылдары энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды. 2003 жылдан бастап Павлодар қаласының әкімі болды. 2008 жылдың қазанынан Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2009 жылдың тамызынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2012-2013 жылдары Парламент Сенатының аппарат басшысы. 2013 жылғы қыркүйек айынан бастап Парламенттегі Президент өкілдігінің басшысы болды. 2019 жылы 26 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі болып тағайындалған еді.

«Құрмет» ордені мен бірнеше медальдардың иегері.