Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
234
оқылды

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріді. Ол бірнеше бөлікке бөлінген, – деп хабарлайды Sky News.

2017 жылы Антарктика мұздығынан ажыраған кезде айсбергтің ауданы 5800 шаршы шақырым болған. Ал массасы шамамен бір триллион тонна болды. Алайда соңғы спутниктен түсірілген мәліметтер бойынша, алып айсберг еріп, ұсақ бөліктерге бөлініп кеткен. Алып айсберг "Айсбергтер аллеясы" атауымен бір орында қалқыған күйі шамамен бір жыл бойы қозғалмаған. Алайда A68 уақыт өте келе, жылы су мен ауа температурасы жоғарылаған соң көлемі кішірейіп, ұсақ бөліктерге бөлінген.