Қазақстанның оңтүстігінде күн суытып, үсік жүреді
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытып, үсік жүреді
82
оқылды
"Қазгидромет" 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжи бермек. "Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады", – делінген хабарламада. Бұған дейін синоптиктер 20-21 сәуірден бастап Алматыда Скандинавиядан суық арктикалық ауа келетінін айтқан еді. Осыған байланысты түнде 5 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Ал күндіз күн жылы болады.