УЕФА Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады
УЕФА Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады
5,123
оқылды
УЕФА, сондай-ақ, Англия, Испания және Италия лигалары мен федерациялары еуропалық Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды УЕФА сайты.
"УЕФА, Англия футбол қауымдастығы (FA), Англия Премьер-Лигасы, Испания Корольдігінің футбол федерациясы (RFEF), Ла Лига, сондай-ақ Италия футбол федерациясы (FIGC) және А Сериясы бірнеше ағылшын, испан және итальян клубы Суперлига деп аталатын жабық турнир құруды жоспарлап отырғанын білді. Егер ол құрылса, біз жоғарыда аталған ұйымдар, сондай-ақ ФИФА және біздің барлық қауымдастығымыз қоғамда ынтымақтастықты қажет ететін уақытта бірнеше клубтың жеке мүддесіне негізделген осы жобаны тоқтату үшін күш-жігерімізді біріктіретінімізді қайталағымыз келеді", – делінген хабарламада.
Қазірде еуропалық 12 топ-клуб Суперлигаға қатысатынын мәлімдеді. Олар – «Милан», «Арсенал», «Атлетико», «Челси», «Барселона», «Интер», «Ювентус», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» «Тоттенхэм», мадриттік «Реал».