1 738 қоғамдық кеңес қадағалайды
1 738 қоғамдық кеңес қадағалайды

Еліміз бойынша «Nur Otan» филиалдарының бас­шыла­ры – әкімдердің қа­тысуы­мен пар­тияның өңірлік Саяси кеңесі бюросының отырыс­тары өтті. Онда әрбір өңірде, қала мен ауданда сайлауалды уәделердің іске асырылуын бақылау жөнін­дегі жаңа қо­ғам­дық кеңес басшылары мен құрамдары бекітілді. 

Орталық аппараттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған дейін Елбасы – партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр­масы бойынша барлық өңірлерде «Nur Otan» партиясының 217 сай­лауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы қабылда­нып, жауапты депутаттар мен орын­даушылар бекітілген. Жыл­дар мен нақты іс-шаралар көр­сетілген 80 мыңнан астам индика­торға қол жеткізу көзделіп отыр. Партия Лидері қойған мін­деттерді ескере отырып, сайлауал­ды бағдарламалардың нақты бағыттарын жүйелі бақылау үшін өңірлік және аумақтық деңгейде 1 738 қоғамдық кеңес құрылды. Кеңестің құрамына 11 388 белсенді, оның ішінде мәслихат депутаттары, партиялық кадрлық резерв өкілдері, өңірде беделді және жергілікті жерлердегі түйін­ді мәселелерді жақсы білетін аза­маттар, сарапшылар және т.б. кірді. Партия жаңа кеңестің жұмы­сы қоғамдық пікірді ескере оты­рып, партияның еліміз бойынша бар­лық қоғамдық қабылдау бөл­ме­ле­ріне азаматтардан келген өті­­ніш­терді талдау негізінде жария фор­­­матта құрылатынына уәде береді. Еске сала кетейік, бұған дейін Саяси кеңес бюросының шешімі­мен таратылған партиялық кура­тор­лар институтының орнына «Nur Otan» сайлауалды бағдар­ла­масының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойын­ша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылған болатын. Өткен аптада Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәсли­хат­тың 600 жас депутатынан тұ­ра­тын корпустың құрылғаны туралы айтылған еді. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдауға және заң шығару процесінде олар­дың мүдделерін қорғауға күш-жігерін біріктіруге ниетті.

Әбілмансұр ЖАСАН