«Азаматтар қалада мал асыраймын десе, қандай талап қойылады?» деген сауалға Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысы Асқар Қаныбеков жауап берді. Бұл туралы otyrar.kz жазды.
Асқар Қаныбековтің айтуынша, қала аумағында мал ұстауға шектеу жоқ.Егер тұрғындар санитарлық талаптарды сақтамаса, мал ұстайтын азаматтарға қатысты шағымды қала әкімдігіне жолдай алады.«Қалада мал бағатын тұрғындардың қорасында 1 ешкіге – 11,7 шаршы метр, 1 қойға – 11,6 шаршы метр, 1 сиырға - 30,1 шаршы метр, 1 жылқыға – 38 шаршы метр орын болуы тиіс», – деді басқарма басшысы Асқар Қаныбеков.
Арыздың мән-жайын ветеринария инспекциясының мамандары анықтайды.