Көпбалалы отбасылардың балалары жолда тегін жүреді
Көпбалалы отбасылардың балалары жолда тегін жүреді
114
оқылды

Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтіп жатыр.

Павлодар қаласының трамвай басқармасы бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналысын өткізді. Күн тәртібінде БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебі тыңдалды. Партия филиалының XXXIV конференциясына делегаттарды сайлады.   бала Бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы Муслим Махмудов сөз сөйледі.

«Былтыр БПҰ-ның партиялық тізімі – 182, ал 2021 жылдың бірінші тоқсанында 33 партия мүшелерімен толықты. Әсіресе, жастар арасынан партия қатарына қосылғысы келетіндер көп. Партиялық куәліктерді табыстау әрдайым салтанатты жағдайда өткізіледі. 2020 жылы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тыл еңбеккерлеріне азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді, сондай-ақ трамвай басқармасының жалғыз тұратын зейнеткерлерін қыста көмірмен қамтамасыз етеміз. Көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға трамвайда тегін жол жүру билеттері ұсынылды, – деді Муслим Махмудов.

Екінші мәселе бойынша партияның қалалық филиалының XXXIV конференциясына делегаттар сайланды.