Оның ішінде, қашықтан оқитын оқушылар мектепке барғандарға қарағанда екі есе көп ауруға шалдыққан.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, оқушылар арасында аурудың алдын алу мүмкін болмай тұр.«Үйінде, яғни, қашықтан оқушылар арасында коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп жатыр. Төртінші тоқсан басталғаннан бері 3 706 бала ауырды. Оның ішінде, мектепке баратындар – 1093, қашықтан оқитындар – 2613 бала. Мектепке барып оқитын оқушылар арасында Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирусқа шалдыққандар көп. Ал қашықтан оқитындар арасында Нұр-Сұлтан мен Алматыда көп анықталды», – деді министр.
Бүгін бір тәулікте 2 жарым мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды.