Себебі, вакцинацияның бірінші кезеңінен кейін иммунитет қалыптасады. Содан кейін ғана елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтануы мүмкін.
Министрдің болжамынша, вакцинация кестеге сай жүргізілсе де, мамыр айының ортасында тәулігіне 4 мың адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін.«Министрлік халық вакцина салдырса да, коронавирустың таралуын қадағалап отырамыз. Кестеге сәйкес, вакцинация ахуалды жақсартса, оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың адам ауруға шалдығып, коронавирустың таралуы сәуірдің соңында шырқау шегіне жетуі ықтимал», – деді министр.