Күйеуін қызғанған әйелдер 18 жастағы қызды ұрып тастады
Күйеуін қызғанған әйелдер 18 жастағы қызды ұрып тастады
144
оқылды

Дәмханада екі ер адам туған күнін тойлап жатқан жас қыздардың жанына отырады. Сол арада күйеулерін қызғанған екі келіншек 18 жастағы қызды ұрған. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаменті хабарлады.

Көкшетауда кафеде болған жанжалға қатысты тергеу басталды.

«Он сегіз жастағы жәбірленуші құрбысымен бірге дәмханада туған күнін тойлаған. Олардың жанына бейтаныс ер адамдар отырып, құрмет көрсетіп, қолпаштаған», – дейді полицейлер.

Біраз уақыттан кейін баспалдақпен төмен түсіп бара жатқан қыздардың бірін екі әйел тоқтатып, оны себепсіз ұрған. 29 және 39 жастағы екі әйел қыздарға дәмханада құрмет-қошемет көрсеткен ер адамдардың әйелдері екені белгілі болды. Оқиғаның ақ-қарасын полиция анықтайды. Сот-медициналық сараптама жүргізілмек.