Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
93
оқылды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын хабарлады. Куәгерлер бүгін сағат 11.00-дер шамасында автобус өртеніп жатқанын айтқан.

Өрт Алатау ауданы Қожаханов көшесіндегі Әйгерім-2 ықшамауданында болды.

«Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақта ЛиАЗ маркалы автобус өртеніп жатқанын анықтады. Жолаушылар болған жоқ. Автобустағы өртті 7 минутта сөндірді», – дейді өрт сөндірушілер.

Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері №115 маршрут бойынша жүретін автобустың өртенгенін хабарлады.