Ведомствоаралық комиссияның 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқартады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Бүгін Қазақстан мен Түркия арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс қатынайды: Нұр-Сұлтан – Стамбұл, 2 рейс Нұр-Сұлтан – Анталья, 1 рейс Алматы – Стамбұл, 7 рейс Алматы – Анталья, 5 рейс Түркістан – Стамбұл, 2 рейс Ақтау – Стамбұл, 1 рейс Шымкент – Стамбұл, 2 рейс. Екі ел арасындағы әуе рейстерін қысқарту немесе көбейту эпидемиологиялық ахуалға байланысты тағы да өзгеруі мүмкін.Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус қайта өршитінін айтқан еді.