Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, - деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Министрлік әрбір ауылдық округтегі штаттағы спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту және олардың санын 2025 жылы 3 561 адамға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайды. Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастыру және жүргізу үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақының 100 пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгілеу көзделген», - деді министр Үкімет отырысында.Сондай-ақ ол жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артатындығын айтты.
«Қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде 2025 жылы ауылдық елді мекен тұрғындарының 42 пайызын дене шынықтыру және спортпен қамту жоспарланған», - деді Ақтоты Райымқұлова.