Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін
96
оқылды
Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Қаулы жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.  «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына берілген түсіндірмеге сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісінде атап өту көзделген. «Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе саяси-құқықтық және өзге де салдарларды болжамайды. Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады», - делінген министрлік түсіндірмесінде. Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.