Ақтауда 12 миллионды құрайтын есірткі заттары тәркіленді
Ақтауда 12 миллионды құрайтын есірткі заттары тәркіленді
5,065
оқылды
Ақтау полицейлері құны 12 миллион теңгені құрайтын есірткі заттарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2300-ге жуық бір реттік дозалы есірткі заттары тұтынушыларына жеткен жоқ. 2021 жылғы 10 сәуірде Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1997 жылғы екі жас азаматты ұстады. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғандардан өзімен бірге алып жүрген және тұрғылықты жерінен жалпы салмағы 460 грамм синтетикалық “мефедрон” есірткі заты, электрондық таразы, 30 дана пластикалық ыдыс бетбелгілері (закладки), екі рулон лейкопластырь және бетбелгілерді (закладки) дәнекерлеуге арналған құрал табылып, алынды. Ұсталған екі адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.