Сотталғандар да вакцина салдыруда

Сотталғандар да вакцина салдыруда

Елімізде коронавирус індетіне қарсы вакцинация жүріп жатқаны белгілі. Ерікті түрде екпе салуға жуырда  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеушілер де үн қосып,  «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Сотталғандарға екпе екпес бұрын медицина қызметкерлері олардың дене қызуы мен қан қысымын тексерген. Сондай-ақ вакцинация алдында  психолог пен  иммунолог мамандар да жұмыс жүргізген.

  - Вакцинация алған алғашқы сотталушыларда еш кері әсері байқалмауда. Олар өздерін жақсы сезінеді. Жазасын өтеушілер індеттен сақтанудың жалғыз жолы – вакцинация екенін түсініп отыр. Сондықтан олардың ерікті таңдауларын қолдап, екпе егу жұмыстарын ұйымдастырдық, – дейді ЖД-158/5 мекемесі бастығының орынбасары А.Танашева.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы