Белгілі дәрігер адамның туған күні денсаулығына қалай әсер ететінін айтты
Белгілі дәрігер адамның туған күні денсаулығына қалай әсер ететінін айтты
Дәрігер, тележүргізуші Александр Мясников адамның туған күні денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты. АҚШ-тың Колумбия университетінің мәліметі бойынша, бір айда дүниеге келген адамдарда бірдей аурулар болады. «Россия 1» арнасында Мясников осылай деп түсіндірді. Қаңтар айында өмірге келген адамдарда гипертония мен кардиомиопатия жиі кездеседі, ал ақпан айында туған адамдардың тыныс алу жүйесінде көбірек проблема болады. Мясниковтың айтуынша, наурыз айында туған адамдарда жүректің митральды қақпақшасының ақауы, аритмия болуы мүмкін. Сәуірде туғандар стенокардияға бейім. Мамыр айында өмірге келгендердің туғанда салмағы аз болады, бірақ көп ауырмайды. Маусым айында дүниеге келгендерге көбіне миокард инфаркті және жедел коронарлы синдром диагнозы жиі қойылады. Ал шілде және тамыз айында туғандар демікпеден зардап шегіп жатады екен. Қыркүйек айында туғандарда көбіне асқазан-ішек аурулары кездесіп жатады. Қазан айында туғандар   ЖРВИ және  аллергиядан (жәндіктердің шағуынан) жиі зардап шегеді. Қараша айында туған адамдарда жүректің ишемиялық ауруы, аритмия болуы мүмкін. Желтоқсан айында туған адамдарда денесінің көгеруі мен жарақатқа бейім болып келеді.