Полициядан көмек сұраған қала тұрғыны 2004 жылы туған қызы жоғалып кеткенін айтқан.
Іздестіру нәтижесінде, полицейлер қызды жалдамалы пәтерден тапты. 17 жастағы қызды табу үшін полицейлер орман, өзен жағалауы, қараусыз қалған құрылыс алаңдарын да тексерді. Ал 17 жастағы қыз достарымен бірге жалдамалы пәтерде болған.Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов: «Бала үйден бірінші рет хабарсыз кеткенде ата-ана мұқият болуы тиіс. Себебі, ата-ана баланың пікірін білгені дұрыс. Уақыт жоғалтпай дереу полицияға хабарласуы керек. Ақтөбеде жоғалған қыздың ата-анасы полицияға түн ортасында хабарласқан. Ал ол уақытқа дейін қызын өз бетінше іздеген», – дейді.
Бұған дейін Алматыда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы студент қыздың денесі бөлшектелген күйде табылғанын жазған болатынбыз.